⚜️Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында «Жастар – елдің тірегі, үкілі үміті» атты құмар ойындар мен нашақорлықтың зиянын түсіндіру мақсатында студенттердің қатысуымен кездесу өтті.
💬Аталған шараға Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары — Серік Қонақбаев, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы – Жадан Бисенбин, Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі – Асхат Асқаров, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы — Ерәлі Құлмағанбетұлы, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Ауған соғысының ардагері – Марат Қойлыбаев және Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
🖌️Шара барысында спикерлер қоғамның үлкен дерттері саналатын лудомания мен нашақорлықтан келетін қауіптің зиянын, олармен күресуде атқарылып жатырған шаралар туралы баяндап, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
@aqtobe_saiasat @jasaqtobe @aqtobe_bilim_basqarmasy
@polisia_aqtobe @aqtobe_polisia_basqarmasy
#құқыбұзушылықбопайханым #жастарбопайханым #лудомания