ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» ПРЕМИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ

Ағымдағы жылдың 07 желтоқсан күні Ақтөбе облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау, облыс көлемінде жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, әр сала бойынша өз мамандығының шеберлерін анықтау және марапаттау мақсатында @jasaqtobe «Облыстық жастар сыйлығы-2023» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Шараға облыс әкімі А.Б.Шахаров қатысып, жыл үздіктерін марапаттады. Колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Куанышбаев Данияр Аманович облыс әкімінің «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы» номинациясына ие болды.

Жастар бастамаларына қолдау көрсетіп, тәуелсіз елдің белсенді жастарын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Данияр Амановичке зор алығысымызды білдіріп, жеңісімен құттықтаймыз!