«ЖАСТАРҒА КЕҢЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🗓️ 24 қараша күні Ақтөбе жастары орталығының ұйымдастыруымен қала жастарына арналған «Жастарға кеңес» жобасы аясында кездесу өтті.

📌 Қала жастары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық және синтетикалық есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, лудомания мен буллингтің алдын алу мақсатында өткен кездесуге орталық басшысының орынбасары Айдарбек Самат пен орталық маманы Азамат Әбуов қатысты.

✅ Жоба аясында «Бопай ханым жоғары медициналық» колледжінің 180 аса студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.