Жатақхана студенттеріне ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 09 қаңтар күні колледж жатақханасындағы қыз балалармен кездесу өтті.

Жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру мақсатында қыз балалармен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кездесу өтті.

Кездесуде гинекология және арнайы пән оқытушылары К.Л.Абдильдаева мен А.Уайсбай «Қызбалалардың репродуктивті дамуы және мектеп жасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.