Жатақхана студенттеріне құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІМЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ АЛАҢЫ ӨТТІ

Жатақханада тұратын студентті не мазалайды? Білім алушылар сабақтан бос уақыттарын қаншалықты тиімді пайдаланып жүр?

Осы және өзге де мәселелер бойынша жатақхана тұрғындарының сауалдары мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында бөлім меңгерушілері мен колледж медбикесі жатақханада тұратын студенттермен кездесу өткізді.

Студенттердің тұрмыс жағдайын білу үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге білім алушылардың қауіпсіздігі, өзара жайлы қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері жайында тоқталып, барлық сауалдар мен ұсыныстарды тыңдауға дайын екендігін айтты.

Кездесу барысында жатақханада тұрып жатқан студенттердің тәртіп сақтау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қоғамда өршіп тұрған аурулар мен қоғам дерттері жайында, сабаққа дайындалуы туралы мәселелер қозғалды. Білім алушылар жатақханадағы өмір мен ондағы жасалған жағдайларға тоқталды. Сондай-ақ, осы тарапта туындаған сауалдарын қойып, өз идеялары мен пікірлерін, ұсыныстарын жеткізді.