«Жыл үздігі-2023» бас директор сыйлығы жобасының жеңімпаздары.

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

🎄Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мен білім алушылар мен оқытушылардың білім саласының дамуына жағдай жасау және қолдау көрсету сондай-ақ, білім алушылар мен оқытушылардың ішінде дарындыларын анықтып оларды оқу орнымыздың қоғамдық саяси шараларындағы жетістіктерімен марапаттау мақсатында «Жыл үздігі-2023» бас директор сыйлығының марапаттау кеші өткізілді.

🔸Бас директор Б.Ахан мырза негізгі мынадай 10 (он) аталым бойынша оқытушылар мен білім алушыларды марапаттады:

🏆«Жылдың үздік оқытушысы» — Агатаева Тамара Бекетаевна

🏆«Жылдың үздік бөлім меңгерушісі» — Сагындыкова Лязат Сагындыковна

🏆«Жылдың үздік кураторы» — Жиенгулова Дина Самигуллаевна

🏆«Жылдың үздік тобы» — «Емдеу ісі» 110 тобы

🏆«Жылдың үздік ЦӘК бірлестігі» — «Арнайы пәндер-1» ЦӘК бірлестігі

🏆«Жылдың үздік студенті» — Тулеген Назерке Нұрланқызы

🏆«Жылдың үздік қоғамдық клубы» — «Еркін сөз» дебат клубы

🏆«Жылдың үздік спортшысы» — Мұратқалиева Ақбота Серікқызы

🏆«Жылдың үздік оқу кабинеті» — Химия және лаборатория кабинеті

🏆«Жылдың үздік ғылыми үйірмесі» — «Рефлекс» студенттік ғылыми үйірмесі

🔹Жыл үздіктеріне Бас директор атынан арнайы дипломдар, статуэткалар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кеш колледж белсенділерінің жаңа жылдық бағдарламасымен жалғасын тапты.

Жобаның өтуіне атсалысқан @teddymishka.aktobe, жүргізушілерге киім ұсынған @yer_aktobe @dom_platev салондарына шынайы алғысымызды білдіреміз!