«Жыл үздігі – 2023» бас директор сыйлығының комиссия отырысы өтті.

🔹Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Бопай ханым тұлғасын білім алушылар мен оқытушылар арасында кеңінен насихаттау. Бопай ханымның іскерлігін үлгі тұту, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын насихаттау, жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды жандандыру мен білім алушылар мен оқытушылардың білім саласының дамуына жағдай жасау және қолдау көрсету және білім алушылар мен оқытушылардың ішінде дарындыларын анықтап оларды оқу орнымыздың қоғамдық саяси шараларына тарту мақсатында өтетін «Жыл үздігі – 2023» бас директор сыйлығын тағайындауды ұсыну бойынша комиссия отырысы өтті.

💬Отырысқа директор жанындағы кеңестің мүшелері атап айтқанда, М.С.Нурмаганбетова – колледж директоры, Г.Е.Қаршығина – директордың ОІЖ орынбасары, Е.А.Сейтенов – директордың ТІЖ орынбасары, Ж.Т.Жубанова – директордың ОӨЖ бойынша орынбасары, Г.М.Конакова – оқу бөлімінің бас маманы, М.Ө.Өмірзақова — әдіскер, Ж.М.Бейжігітова – әдіскер, Д.А.Куанышбаев – ЖІК төрағасы және М.З.Кулдыкова – кадр бөлімінің бас маманы қатысып, әр аталым (номинация) бойынша ұсыныстарын білдіріп, дауыс беруге қатысты.

🏆«Жыл үздігі – 2023» бас директор сыйлығына 10 номинация берілді. Аталымға колледждің қоғамдық, ғылыми жұмыстарына белсене қатысатын оқытушылары мен студенттері ұсынылды.

🌲Марапаттау шарасы 28 желтоқсан күні жаңа жылдық бағдарламамен өтетін болады.