Ағымдағы жылдың 05 сәуір күні Ақтөбе облысының білім басқармасы білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік шарасы аясында «Ұлағат» әкелер клубының ұйымдастыруымен «Әкелер даңқ жолымен» тақырыбында колледж ер студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсетіп жүрген колледж студенттерінің әкелері бала тәрбиесіндегі әкелердің алар орнына қатысты өз ойларын айтып, студенттермен бөлісті. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, сұхбат құрды. Кеш соңы әсем әуенмен жалғасын тапты.