Жыныстық тәрбиенің онкүндігіне орай «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Ағымдағы жылдың 04 сәуір күні жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында қыз бала тәрбиесі және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша колледж медбикесінің қатысуымен бірыңғай тәрбие сағаты өтті.

Әр жасөспірімде өнегелі отбасы мінсіздігі, оның құндылығы және адам үшін қажеттілігі, өмірлік берекенің, денсаулықтың сақталуы, өмірлік қиындықтарды жеңілдету, жеңу негізі ретіндегі түсінігі ұйымдастырылған болуы қажет. Балалар және жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің санының өсуін жеңу. Отбасын нығайту, салауатты өмір салтын ұстанатын отбасыларды көбейту баяндалды.