Аымдағы жылдың 04 сәуір күні «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Л.С.Сагындыкованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар клубының отырысы өткізілді.
Өткізілген адамгершілік-жыныстық тәрбие жұмысына, акушер-гинеколог А.Е.Сакиева қатысты. Сакиева Алтын Ертаевна сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?», — деген сауал төңірегінде ой қозғап қыздармен пікір алмасты.
Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі — келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты.