Жыныстық тәрбиенің онкүндігіне орай «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 05 сәуір күні Ақтөбе облысының білім басқармасы білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік шарасы аясында «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: жасөспірімдер арасында суицид мәселесінің шешімін табу, суицидтік іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша психолог пен медицина мамандарымен кездесу.

Кездесуде колледж психологы А.С.Елубаева психологиялық тренингтер өткізіп, арнайы пән оқытушысы Л.Р.Ермекова суицидтің белгілері және олардың адам өмірі үшін қауіптілігі туралы баяндама жасады.