Зиянды әдеттердің денсаулыққа әсері: колледжде семинар өтті

Бүгін колледжімізде “Зиянды әдеттердің адам денсаулығына әсері” тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Сабаққа №6 қалалық емханадан келген СӨСҚ маманы Ділманова Б.Ә мен психолог Әлиева Ә.Е қатысып, білім алушыларға зиянды әдеттердің алдын алу, олардың ағзаға тигізетін кері әсерлері туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.

Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Семинардың мақсаты – жастардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және саналы таңдау жасауға бағыттау.

Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастырған мамандарға үлкен алғыс білдіреміз!