
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі КИЯШЕВ АЗАМАТ АБДУШЕВИЧ

Астана ауданы №1 ҚПБ ҚҚБ бастығы, полиция подполковнигі ИЗМАИЛОВ ЛИНУР РУСТЕМОВИЧ

Ақтөбе қаласы №1 ҚПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны АЙТПАҒАМБЕТОВ АМАНДАУЛЕТ БАҚДАУЛЕТҰЛЫ

Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны ИСКАЛИЕВ НУРЖАН КЕНЖЕТАЙҰЛЫ

Білім алушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасы мен ойлауын қалыптастыру
2025 жылғы 19 қыркүйекте білім алушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасы мен ойлауын қалыптастыруға, әлеуметтік маңызы бар міндеттер негізінде колледж қауымдастығы ішіндегі бірлік пен өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған іс-шара өткізілді.
«Капитан Байтасов»
10 желтоқсан күні «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында студенттерге патриоттық рухты арттыру мақсатында «Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді.
Көрсетілім барысында студенттер фильм кейіпкері — 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында туған жерінің тыныштығы үшін өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі, қайсарлығы және қызметтік борышына адалдығы туралы тың мәлімет алды. Сонымен қатар, көрермендер батырдың ерлік жолы жөнінде өзара әсерлі пікірлерімен бөлісті.




Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында білім беру ұйымдарында өткізілетін «Заң және тәртіп» акциясы аясында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе қаласы Астана ауданы №1 Қалалық полиция басқармасының Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бөлім бастығы, полиция подполковнигі Измайлов Линур Рустемович және аталған бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Вактов Нұржан Абдикаремович қатысып, студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әскери қызмет пен заң талаптары
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әскери қызмет пен заң талаптары жөнінде білім алушылармен ашық диалог жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру. Отан алдындағы борышты өтеудің жауапкершілігін түсіндіру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Білім алушылармен кездесуге Сансызбай Кушмухамбетов – Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының «Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс». Тимур Нурманов – ҚР Ұлттық ұланының 6655 бөлімі басшысының аға көмекшісі, аға лейтенант; Азамат Әбуов – Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы. Спикерлер жастарға әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы борышты өтеудің жауапкершілігі, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мен құқық бұзушылықтың салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Жиын еркін форматта өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан нақты жауап алды.

Есірткі қылмысының алдын алу
Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Қияшев Азамат Абдушевич білім алушылармен кездесу өткізіп, есірткі қылмысының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсері және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Қауіпсіз қоғам
Кездесу барысында Қылмыстық кодекстің зорлық-зомбылыққа, есірткі құралдарын таратуға және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысты негізгі нормалары түсіндірілді. Ішкі істер органдары мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен құқықтық тәрбие беру бағытында кездесулер ұйымдастырылып, адам бас бостандығынан айырылған заң бұзушылық жағдайлары, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты бейнероликтер көрсетілді.
