АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА ТОП КУРАТОРЛАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Отбасын педагогикалық-психологиялық қолдау және білім беру ұйымдарында баланың дамуын жүзеге асыру жағдайында ата-аналардың құзыреттілігін арттыру өзекті болып табылады. Сондықтан да, ата-анамен білім беру ұйымының мамандары арасында өзара бірлескен әрекет әрдайым жүзеге асырылуы маңызды.

Осы орайда бүгін C.Бәйішев атындағы колледжде өткізілген семинарда Бибігүл Әбдішүкірқызы отбасындағы ең құнды дүние не деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздерін қарастырды. Қатысушы ұстаздар белсенділік танытып, семинар тақырыбы аясында өз ойларымен бөлісті.

Семинардың барлық қатысушыларына, спикер Бибігүл Әбдішүкірқызына ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз!