Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы
Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.
«Ұлт үні- ұрпақ үні» кітап көрмесі
Бопай ханым жоғары медициналық колледжі кітапханасында «Ұлт үні- ұрпақ үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, колледж білім алушыларына насихатталды. Көрмеге «Емдеу ісі»111 топ білім алушылары, кураторы Жылқыайдарова А.С., «Емдеу ісі» 113 топ білім алушылары, кураторы Сагындыкова Л.С., «Емдеу ісі»114 топ білім алушылары, кураторы Аманжолова Л «Емдеу ісі» 212 топ білім алушылары, кураторы Шүйіншалина А.К. қатысты.
«Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу» – деп білімділікке сипаттама берген. Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.#сыбағаақтөбе2025
«Кітаптар желісімен түсірілген фильмдер» атты виртуалды көрме — бұл «Оқуға құштар колледж» және «Балалар кітапханасы» жобалары аясында өткізілетін іс-шара. Бұл көрменің басты мақсаты — отандық классиктер мен заманауи авторлардың шығармаларын насихаттау және әдебиет пен кино өнерінің байланысын көрсету.
Кітап – рухани қазына, ал фильм – сол қазынаның экрандағы көрінісі. Қазақ әдебиетінің жауһар туындылары негізінде түсірілген фильмдер оқырманды кітап әлеміне жетелейді, ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
Бүгінгі виртуалды көрмеде отандық авторлардың шығармалары бойынша түсірілген көркем фильмдер ұсынылады. Сонымен бірге, әр туындының әдеби негізі, автордың шығармашылық мұрасы және фильмнің көркемдік ерекшеліктері таныстырылады. Көрермендер кітап пен фильмді салыстыра отырып, әдеби шығарманың мазмұны мен экрандық нұсқасының үндестігін бағамдай алады.
Бүгін Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінде “ВИЧ туралы не білу керек” атты ақпарат сағаты өтті. Шараға “Абжарис” медициналық орталығының бас дәрігері,инфекционист, педиатр Туреханова Надежда Маратовна, 1 курс студенттері қатысты. Тақырыпқа сай студенттер маманнан толық ақпарат алды, сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті.
Бопай ханым жоғары медицина колледжінің кітапханасының Коворкинг орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына байланысты әдеби кеш ұйымдастырылды.Кешке колледждің «Емдеу ісі» 108,109 топ білім алушылары қатысты. Кураторы Нагиметова Ж.
Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырады. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурайды.
Тарихтағы ұлт ұлы ақыны ғана шығатын шұғылалы биікке көтерілген әрбір ірі ақындар сияқты Мұқағали да қазақ поэзиясын жаңа кеңістікке көтеріп қондырды да, өзі соның мәңгілік тұрғыны болып қалды. Ол әрбір мезгілмен бір көктеп көгеріп, әр ұрпақпен бірге жасайтын ақындардың таңдаулы тобына жатса керек. Ол кісінің өлеңдерін ұмыту мүмкін емес. Әрбір өлең сүйер қауымның жүрегінен ерекше орын алған туындылар мәңгі есте қалмақ!
«14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.»
«14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.» «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында оқырмандардың сыйға тартқан шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтедi. Шараның мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, өзара сыйластықты қалыптастыру, рухани адамгершілікке баулу.
Ақын — жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын толықтыру.
Акцияға колледж ұстазы Шинтасова З.Т. кітапханамызға өзінің отбасылық кітап қорынан және «Емдеу ісі» 219 Каленов А, «Мейіргер ісі» 202 топ білім алушылары Алпысбай Ұ. Ақын- жазушылардың шығармаларын сыйға тарту етіп, акцияға белсене ат салысты.




“1-наурыз Алғыс айту күні”
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Шараның мақсаты – Білім алушылардың ой- өрісін кеңейтіп білімін тереңдету; «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында “1-наурыз Алғыс айту” күніне орай шара ұйымдастырылып, оған «Емдеу ісі» 115 топ білім алушылары, кураторы Кундебаева Б.Т. белсене қатысты. Ата-анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім-тәрбие бергені үшін, жалпы кез-келген жақсылықпен көмекке алғыс білдіріп «Ашық хат» жазды.





23 сәуір — Қазақстанда ресми түрде Ұлттық кітап күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқұмарлықты дәріптеу мақсатында бекітілген. Сондай-ақ, бұл күні халықаралық деңгейде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні (ЮНЕСКО) аталып өтеді.
Ұлттық кітап күні аясында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасы «Коворкинг орталығында» Ұлттық академиялық кітапхана және қалалық № 3 кітапханасымен бірлесе отырып, қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы, көрнекті композитор, дирижер, музыка зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған “Ахмет Жұбанов-қазақ халқының мақтанышы” атты кеш гибридті форматта ұйымдастырылып, офлайн және онлайн қатысушылар біріктіріліп өткізілді.
21 сәуір күні кітапханашылар 23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні, Ұлттық кітап және кітапханашылар күнінеарналған «Артық ғылым кітапта…» апталығыаясында «Заң мен тәртіп — қоғам тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға Ақтөбе қаласы Прокуратурасыныңбөлім прокуроры Г. Төлеуқызы, жазушы, ҚазақстанЖазушылар одағының мүшесі, Қазақстанныңқұрметті заңгері Н.Қ. Нұрмағанбетов, Ақтөбеоблыстық мәслихатының депутаты, ҚР Ауғансоғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасыМ.А. Қойлыбаев, Ақтөбе облысы Әділетдепартаментінің бөлім басшысы Т.Ж. Убишевқатысты.
Дөңгелек үстел барысында қонақтар жастардызаңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, жасөспірімдерарасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік мәдениетін қалыптастырумәселелеріне кеңінен тоқталды.
✅Сонымен қатар Қазақстан РеспубликасыКонституциялық Сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы №4 және 26 желтоқсандағы №38 нормативтік қаулыларын түсіндіру мақсатындадәріс оқылды.
Шара барысында кітаптың қоғамдағы рөліннасихаттау, оқу мәдениетін арттыру және кітапарқылы құқықтық сауаттылықты дамытумәселелері де жан-жақты талқыланды.
Іс-шара аясында «Заң мен тәртіп — қоғамтемірқазығы» атты кітап көрмесіұйымдастырылып, құқықтық тақырыптағыәдебиеттер таныстырылды.
Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы бейнебаян көрсетілді.
Бұдан бөлек, «Үркер» шығармашылық жастары«Кітап — білім, заң — тәртіп» атты әдеби монтаж ұсынды.
