Колледж жатақханасы Маресьев көшесі, 76а мекенжайында орналасқан.
Жатақхана 2016 жылғы 5 ақпанда пайдалануға берілді. Ғимарат бес қабаттан тұрады. Бірінші және екінші қабаттарда «Баишев Мед» клиникасы орналасқан. Ал жатақхана үшінші, төртінші және бесінші қабаттарды қамтиды.
Жатақхананың жалпы аумағы – 1752 шаршы метр. Әр қабаттың ауданы – 584 шаршы метр. Жобалық сыйымдылығы – 196 орын. Жатақханада барлығы 49 бөлме бар: үшінші қабатта – 7 бөлме, төртінші қабатта – 20 бөлме, бесінші қабатта – 22 бөлме орналасқан.
Жатақхана заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бейнекамералар әр қабатта, дәліз бұрыштарында, асүйлерде, баспалдақ алаңының қарсы бетінде, сондай-ақ кіреберіс пен сыртқы аумақта орнатылған. Жалпы саны – 14 камера.




Жатақхана аумағы толық қоршалып, абаттандырылған.


2026 жылғы 13 сәуір күні жатақханада студенттер арасында жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – жатақханадағы тәртіп, тазалық сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және студенттердің тұрмыс жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылау болды.
Жиналыс барысында жатақхана меңгерушісі Сүлейманова Дариға Сағынбаевна мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ұлықпанова Әлия Қоңырбайқызы сөз сөйлеп, студенттерге ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, студенттер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Колледждің педагог-психологы Айнара Райысқызы «Мен-хабарламасы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар қарым-қатынаста өз сезімдерін айыптаусыз, дұрыс жеткізудің маңызын түсініп, «Мен-хабарламасы» тәсілін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренді. Сонымен қатар, сөздің адамға әсері талқыланып, тиімді коммуникация дағдылары қалыптастырылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жатақханадағы тәртіпті күшейту, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау туралы шешімдер қабылданды.
Жиналыс ұйымдасқан түрде өтіп, студенттер белсенді қатысты.
