
“Жалпы білім беру және әлеуметтік- экономикалық пәндер” ЦӘК төрайымы Шуиншалина Альбина Киреевна
Мақсаты:
Білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ету, сапалы білім беру арқылы олардың азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерін қалыптастыру, оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және білім беру үдерісінің сапасын арттыру.
Міндеттері:
- Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндерді оқытудың сапасын арттыру;
- Заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу және тиімді пайдалану;
- Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
- Оқу-әдістемелік құжаттарды жетілдіру және жаңарту;
- Білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік және танымдық белсенділігін дамыту;
- Патриоттық тәрбие беру, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
- Білім алушылардың әлеуметтік бейімделуіне және тұлғалық дамуына жағдай жасау;
- Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, байқаулар мен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Циклдік әдістемелік комиссия өз қызметінде білім беру сапасын арттыруға, инновациялық тәжірибелерді енгізуге және бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады.




Пәндік циклдік комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына және жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. «Жалпы білім беру, әлеуметтік-экономикалық пәндер»
ЦӘК құрамында 25 оқытушы, оның ішінде phd доктор-1, жоғары санатты-1, магистр-5, модератор-5,зерттеуші-1. Жас маман-4









