
Мырзағалиева Айнара Райысқызы
Білімі жоғары, Педагогика ғылымдарының магистрі
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Колледж педагог-психологі Мырзағалиева Айнара Райысқызы!
Педагог-психолог жұмысының мақсаты: студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру.
Педагог-психолог жұмысының міндеттері:
♦ тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда білім алушының табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек;
♦ психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижелері бойынша білім алушылармен жеке жұмыс;
♦ білім беру процесіне қатысушылармен психокоррекциялық жұмысты жүзеге асыру;
♦ ата-аналар мен оқытушыларға кеңес беру.
Педагог-психолог жұмысының бағыттары
Психодиагностикалық жұмыс-арнайы әдістемелердің көмегімен студенттердің фронтальды (топтық) және жеке зерттеулерін жүргізуді қамтиды. Диагностика оқытушылардың немесе ата-аналардың алдын ала сұрауы бойынша, сондай-ақ психологтың бастамасы бойынша зерттеу немесе алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Психокоррекциялық жұмыс — студенттердің эмоциялық жағдайын түзету, жаңа қабылданған студенттерінің бейімделу процесін жақсарту. Сабақтар эмоционалды-ерік саласындағы, қарым-қатынас саласындағы мәселелерді шешуге және студенттердің өзін-өзі бағалау мәселелерін шешуге бағытталуы мүмкін. Оқытушылар мен ата-аналарды студенттің қолайлы психикалық дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру. Кеңес беру, педагогикалық кеңестер мен ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеу барысында жүзеге асырылады.
Психопрофилактикалық жұмыс — студенттердің дамуында әртүрлі ауытқулардың пайда болуын алдын алуға, психикалық денсаулықты сақтауға, жақсартуға, нығайтуға бағытталған.
Психологиялық кеңес беру — білім алушылардың дамуында, тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде көмек көрсету.
Ата-аналар мен оқытушыларға кеңес беру — бұл нақты сұраныс бойынша жұмыс. Педагог-психолог ата-аналарды немесе оқытушыларды диагностиканың нәтижелерімен таныстырады, белгілі бір болжам береді, болашақта студенттің оқуда және қарым-қатынаста қандай қиындықтар туындауы мүмкін екендігін ескертеді; бұл ретте туындаған мәселелерді шешу және студентпен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар бірлесіп жасалады.
Колледж психологінің есігі сіз үшін әрдайым ашық
Сенім телефоны -кез-келген адам анонимді түрде хабарласып, өмірде кезіккен қиын жағдайы туралы айтып және кез-келген сұрағына жауап ала алатын қызмет.
Сенім телефонына ұлтына, жынысына, денсаулық жағдайына қарамастан әрбір адам хабарласа алады. Әр адамның өтініші тыңдалады және көмек алу құқығы бар. Бұл көмек әрқашан тегін және анонимді түрде қаралады (кім, неге хабарласқаны жөнінде ешкімге хабарланбайды) Бұл өте маңызды! Сенім телефоны қандай да бір қиын жағдайға тап болған адамға қолдау табу, өз жағдайын байыппен, ақылмен отырып шешу және нақты бір шешімге келу мүмкіндігін береді.
Сенім телефонының жұмыс істеу қағидалары:
- Абонентте, кеңес беруші де аты-жөнін, өзінің жеке деректерін хабарлауға міндетті емес;
- Кеңес берушінің лақап аты, болуы мүмкін немесе оны атамаса да болады, абоненттің телефон нөмірі белгіленбейді;
- Әңгіме мазмұны жазып алынбайды және басқа адамдарға берілмейді;
- Әрбір қоңырау шалған адам жеке тұлға ретінде құрметтеледі.
Кез-келген уақытта, кез-келген мәселе бойынша сенім телефонына қоңырау шала алсыз. Тел.: 87071070019
Шаралар:
2026 жылы 13 сәуір күні жатақханада студенттер арасында жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты — жатақханадағы тәртіп, тазалық сакқау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және студенттердің тұрмыс жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылау болды. Жиналыс барысында жатақхана менгерушісі Сулейманова Дарига Сагинбаевна мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ұлықпанова Әлия Қоңырбайқызы сөз сөйлеп, студенттерге ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, студенттер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Колледждің педагог-психологы Айнара Райысқызы «Мен-хабарламасы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар қарым-қатынаста өз сезімдерін айыптаусыз, дұрыс жеткізудің, маңызын түсініп, «Мен-хабарламасы» тәсілін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренді. Сонымен қатар, сездің адамға әсері талқыланып, тиімді коммуникация дағдылары қалыптастырылды. Жиналыс қорытындысы бойынша жатақханадағы тәртіпті күшейту, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау туралы шешімдер қабылданды.





Кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы аясында білім алушылармен «Көшбасшыны тап» психологиялық тренингі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға дайындығын арттыру, олардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және топпен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Тренинг барысында қатысушыларға топтық өзара әрекеттесуге бағытталған ойындық жаттығу ұсынылды. Білім алушылар бақылау, зейін қою, логикалық ойлау және коммуникация дағдыларын пайдалана отырып, жасырын көшбасшыны анықтауға тырысты. Әрбір қатысушы белсенділік танытып, өз пікірін білдіріп, топ ішіндегі рөлдерді ажыратуға қатысып отырды.
Іс-шара нәтижесінде білім алушылардың қарым-қатынас мәдениеті, өзара сенім және ынтымақтастық деңгейі артты.



