«Адал ұрпақ» еріктілер клубы


Жалпы ережелер

1.1 «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы – колледждегі құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.
1.2 «Адал ұрпақ » және «Саналы ұрпақ» ерікті клубы – колледждегі өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.
1.3 «Адал ұрпақ» ерікті клубының қызметі осы ереже негізінде жүзеге асырылды.

Мақсаттары мен міндеттері

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  2. Мөлдір және ашық оқу орны;
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру;
  4. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;
  5. Ақпараттық қолдау;
  6. Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру;
  7. Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру;
  8. Студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру.

 Клуб қызметінің принциптері 

  1. Еріктілік;
  2. Жариялық және ашықтық;
  3. Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті;
  4. Клуб өмірін ұжымдық түрде ұйымдастыру;
  5. Клубтың әр мүшесінің қызығушылығын, арын және пікірін құрметтеу;
  6. Әлеуметтік. Қоғамдық-пайдалы маңыздылық;

Кешенді іс-шараларды өткізу үшін келесі тәрбие түрлері пайдаланылады

— адамгершілік тәрбиесі моральдық-әдептілікті, әр студенттің жемқорлыққа шыдамсыздығын қалыптастыруға бағытталған;
— әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне бағытталған;
— эстетикалық тәрбие колледж студенттерінің эстетикалық ұстанымы мен қоршаған болмысқа тілектестік және отансүйгіштік қатынас қалыптастыруға жағдай жасайтын өнер туындыларының, әдебиеттің көркемдігін түсінушілігін дамытуға бағытталған.

 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

— «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері болып, колледж ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайтуға ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шараларға қатысу;
— «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі сипатты секциялардан тұрады: жемқорлыққа қарсы білімдер; жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық; жаппай мәдениеттік шаралар;
— Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы лекциялар, дөңгелек үстелдер және басқа ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысады;
— Жаппай мәдениеттік шаралар секциясы науқандар, флэшмобтар, диалогтік алаңдар, қоғамдық ардагерлер ұйымдары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа әлеуметтік мәнде шаралар ұйымдастыруға қатысады.

«Адал ұрпақ» ерікті клубы туралы ереже

Ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубының негізгі мақсаттары мен міндеттері колледж ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.

Ұжым: колледж студенттері

Құрылымы: Ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубы келесі сипатты секциялардан құралған:

1) Жемқорлыққа қарсы білімдер;
2) Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық;
3) Жаппай мәдени іс шаралар.

2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары:

№Іс-шараныңатауыҰсынымдарЖауаптыМерзімдері
12345
I—бөлім.Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары
1“Адал ұрпақ еріктілер клубының қызметін ұйымдастыруАдал ұрпақ  еріктілер  клубтарын әдетте, жалпы білім беру колледж  басшылығының, топ жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлердің қолдауымен негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар қалыптастырадыКлуб жетекшісіҚыркүйек-Қазан
2Жалпы білім беретін оқу  тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспарын;
топ жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлердің тәрбие жұмыс жоспарларын;
Адал ұрпақ еріктілер  клубының жұмыс жоспарын бекіту
Жоспарларда іс-шаралардың атаулары,олардың орындалуына жауаптылары,қатысушылары,орындау мерзімдері болуы тиіс;ТІЖДО
Топ жетекшілері
Клуб, үйірме жетекшілері
Қазан
3    Тәрбие сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін қосуАр-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажетТІЖДО
Бөлім меңгерушілер,
Топ жетекшілері
Клуб,үйірме жетекшілері
Қараша
4 Білім  алушылар жиналысын өткізуЖиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның  ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлін көрсету.ТІЖДО
Бөлім меңгерушілер,
Топ жетекшілері
Клуб,үйірме жетекшілері
Қаңтар, мамыр
II—бөлім Күнтізбелік іс-шаралар кешенін іске асыру
№Іс-шараның атауыҰсынымдарЖауаптыМерзімдері
5“Қазақстан-құқықтық мемлекет айлығы”Барлық курстардың топ жетекшілерімен тәрбие  сағаттарын өткізуБарлық  курс бөлім меңгерушілері мен топ жетекшілеріҚараша 
 6  “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс“  бейнеролик байқау өткізуАкция барысында білім алушылар  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірлерін ортаға салады1 курс бөлім меңгерушілері мен топ жетекшілеріЖелтоқсан
7«Біздің таңдауымыз-заңды  мемлекет»  білім алушылар арасындағы пікір алмасуПікір алмасу  негізгі идеясы — Мәңгілік ел идеологиясының түпқазық жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау өзекті мәселеЖастар ісі мүшелері, белсенді топ білім алушылар Желтоқсан
8“Жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі күн талабы” эссе байқауыЖемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.1  курс бөлім меңгерушілері мен топ жетекшілеріАқпан
9“Жемқорлықты қалай жеңуге болады?” кездесуЗаң қызметкерлерімен кездесу3  курс бөлім меңгерушілері мен топ жетекшілеріНаурыз
10“Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным” дөңгелек үстелПатриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсыныладыЖастар ісі мүшелері, белсенді топ білім алушылар мен Кадешов Н.К.Сәуір
11«Адамшылықтың шуағы сөнбесін»ТренингБілім алушылардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында білім алушылардың ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру.КолледжпсихологСәуір
12«Сен және Заң» («Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)Жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,«Саналы ұрпақ» клубыМухтарова А.К. Мамыр
13“Сыбайлас жемқорлық туғызатын құқық бұзушылық және олар үшін жауаптылық” эссе жазу байқауыБілім алушылармен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымда қалыптастыру болуы тиіс.Жаманкулова М.Р., Мухтарова А.К.Мамыр
14“Жастар жемқорлыққа қарсы” флешмобTiktok желісінде бейнеролик түсіруМухтарова А.К.Мамыр

Шаралар:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбындағы бейнеролик байқауы өткізілді.

26.02.2024-13.03.2024 аралығында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбындағы бейнеролик байқауы өткізілді. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайластыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтар жүйесін сақтап, нығыздау мақсатында өткізілген болатын.

Байқау қорытындысы бойынша Емдеу ісі-120 тобы I орынға, Емдеу ісі-121 тобы II орынға, Емдеу ісі-206 тобы III орынға ие болды. Емдеу ісі — 216 топ студенттері «Ең үздік сценарий», Емдеу ісі-113 топ студенттері «Ең үздік операторлық жұмыс» номинацияларына ие болды.

«Саналы Ұрпақ» жобасы аясында облыстық білім басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе облыстық слет ұйымдастырылды.

23.10.2023 жылы Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжі базасында Білім беру ұйымдарынында жүзеге асырылып отырған «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында облыстық білім басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе облыстық слет ұйымдастырылды. Осы слетте «Саналы ұрпақ» клубының жұмысын тиімді ұйымдастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Минжасарова Аружан Абдигалимовна Алхыс Хатпен марапатталды.