«Қазақстан халқына Жолдау: болашаққа бағдар, жастарға жаңа мүмкіндіктер»

Бопай ханым жоғары медицина колледж кітапханасында колледж оқытушысы Н.І.Есенғазымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын студенттерге талқылау мақсатында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Жолдаудың негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы пікір алмасып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жастардың болашағы үшін маңызы қарастырылды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, еліміздің дамуына үлес қосудағы жастардың рөлі жөнінде пікір білдірді.
Кездесудің мақсаты – студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру, елдегі маңызды бастамаларға қызығушылығын қалыптастыру және қоғамдық мәселелерге белсенді көзқарасын дамыту.

2026 жылғы Жолдаудың негізгі тезистері мен маңызды бағыттары:

1. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы
Келесі жыл жаңа ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жылы болып жарияланды.
2029 жылдың соңына дейін ұлттық қордан құрылыс саласына 6,5 трлн теңге бөлінеді.
Аймақтарда 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау, ана мен бала және оңалту орталықтарын салу
2. Ауыл шаруашылығын қолдау
Фермерлерді ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ететін жаңа қаржыландыру жүйесі енгізіледі.
Тағам өнеркәсібі саласында құны 500 миллиард теңгеден асатын әлеуетті жобалар іске асырылады.
3. Логистика және инфрақұрылым
Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігін 20 миллион тоннаға арттыратын «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады.
4. Қалаларды цифрлық басқару
Қала ресурстарын тиімді бақылау үшін ірі шаһарлардың инфрақұрылымдық «цифрлық сыңарлары» (digital twins) әзірленеді.
Әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімді даму жоспары болады.