
Сагындыкова Лязат Сагындыковна
Санаты: Педагог-сарапшы. «Психология» пәнінің оқытушысы
Атағы: Педагогика ғылымының магистрі
Білімі:
1993-1997жж. АУ «Дуние», жоғары. Экономист-менеджер.
2009-2011жж. АУ «Дуние» бакалавр. Педагог –психолог.
2011-2013жж. АУ им С.Баешева. магистратура Экономика ғылымының магистрі.
2022-2024жж. Батыс Қазақстан технологиялық-инновациялық университеті.
Жұмыс өтілі:
1999-2002жж. Талдық орта мектебі. Экономика пәнінің мұғалімі.
2002-2009жж. АУ. «Дуние», экономикалық пәндер оқытушысы
2009-2013жж. АГТК арнайы пән оқытушысы және ПЦК (Экономикалық пәндер және педагогика, психология)
2013-2025жж. Баишев жоғары медициналық колледжі. Арнайы пән оқытушысы.
Жетістіктері:
«Үздік бөлім меңгерушісі» -2023» Бас директор сыйлығының жеңімпазы.
Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жүлдегер иесі.
Емдеу ісі — бұл медицина саласындағы ең негізгі және кең ауқымды мамандықтардың бірі. Ол адам денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу, диагноз қою, емдеу және қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын кәсіби дәрігерлерді дайындайды.
Мамандықтың негізгі мақсаты:
Адам ағзасындағы түрлі ауруларды анықтап, тиімді емдеу әдістерін қолдана отырып, халық денсаулығын жақсарту және сақтау.
Емдеу ісі мамандығы бойынша оқитындар не үйренеді?
- Адам анатомиясы мен физиологиясы
- Патология және фармакология
- Ішкі аурулар, хирургия, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология
- Диагностика әдістері (УДЗ, рентген, лабораториялық талдаулар т.б.)
- Клиникалық тәжірибе мен медициналық этика
- Жедел жәрдем және алғашқы көмек көрсету дағдылары
Мамандық бойынша жұмыс орындары:
- Ауруханалар мен емханалар
- Медициналық орталықтар
- Жедел жәрдем қызметі
- Зерттеу институттары
- Жеке медициналық практика
Мамандықтың ерекшеліктері:
- Жоғары жауапкершілік пен этикалық нормаларға сай болу
- Адамдарға көмектесу ниеті
- Үздіксіз білім алып, тәжірибені жетілдіру
- Стресс пен эмоционалдық ауыртпалыққа төтеп бере білу
Кәсіптік келешегі:
Емдеу ісі мамандығы – сұранысы ешқашан азаймайтын, тұрақты әрі беделді сала. Тәжірибе мен білім артқан сайын дәрігер түрлі салаларда (терапевт, хирург, кардиолог, инфекционист, т.б.) мамандануға мүмкіндік алады.
Қысқаша айтқанда, Емдеу ісі — қоғамға өте қажетті, жоғары білім мен шынайы жанашырлықты талап ететін мамандық.
«Емдеу ісі» бөлімі жыл басында жалпы саны 658 білім алушылардан тұратын 28 топтан құралды.
1 курс топтары 9 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 4 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде;
1 курс топтары 11 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 3 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде;
3 курс топтары 9 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 8 қазақ тілінде, 2 орыс тілінде;
3 курс топтары 11 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 7 қазақ тілінде, 2 орыс тілінде;
«Емдеу ісі» мамандығы:
ЕІ 1-курс (9 сынып): 125
ЕІ 1-курс (11 сынып): 99
ЕІ 3-курс (9 сынып): 241
ЕІ 3-курс (11 сынып): 25
ЕІ 4-курс (9 сынып): 168
