Түлектерді еңбекпен қамту және білім алушылардың кәсіптік практикасы

БАЙБЕКОВА РАБИҒА ТАСБОЛAТҚЫЗЫ

Дәрігер-педиатр, педагог-модератор, “Жастар қолдаушысы” төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен марапатталған.

Студенттің мансаптық дамуы мен кәсіби өсуіне, жұмысқа орналасуына және еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесудің тиімді жүйесін құру.

2025-2026 оқу жылына арналған оқу-өндірістік жұмысының жылдық
жұмыс жоспары

2025-2026 оқу жылындағы өндірістік тәжірибенің II жартыжылдық бойынша кестесі

Бопай ханым жоғары медициналық колледжі ұжымы кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Колледжде талапкерлерге мамандық таңдау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіледі.

Колледждің негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласына қызығушылық танытқан жастарға бағыт-бағдар беру, сұранысқа ие медициналық мамандықтарды насихаттау және болашақ мамандарды даярлау.

Кәсіби бағдар беру барысында оқушыларға келесі мамандықтар таныстырылады:

«Мейіргер ісі»
«Емдеу ісі»
«Фармация»
«Акушерлік ісі»
Қолданбалы бакалавр — мейіргер ісі

Колледж ұжымы қала және облыс мектептерінде кездесулер өткізіп, талапкерлерге:

оқу шарттары,
мемлекеттік грант мүмкіндіктері,
жұмысқа орналасу бағыттары,
психометриялық тестілеу,
студенттік өмір туралы ақпарат береді.

2025-2026 оқу жылындағы кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары

Колледжде 11 студент дуалды оқыту бағдарламасы бойынша білім алуда. Бұл бағдарлама теориялық білім мен өндірістік тәжірибені қатар меңгеруге мүмкіндік береді.

Дуалды оқыту жүйесі студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек нарығына тез бейімделуіне бағытталған. Оқу процесі барысында студенттер білім беру ұйымында теориялық сабақтар алып, сонымен қатар кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді.

Бұл тәсіл болашақ мамандардың нақты жұмыс жағдайында тәжірибе жинақтауына және таңдаған мамандығы бойынша біліктілігін арттыруына ықпал етеді.

Дуалды оқыту жүйесі білім беру сапасын арттырып, жұмыс берушілер үшін дайын маман даярлауға мүмкіндік береді.

Базалық медициналық мекемелкрдегі менторлар тізімі

WorldSkills Aqtobe 2026 — бұл колледж студенттері мен жас мамандар арасында өтетін кәсіби шеберлік чемпионаты. Ол Kazakhstan бойынша ұйымдастырылатын WorldSkills қозғалысының өңірлік кезеңдерінің бірі.

Чемпионат қорытындысы бойынша «Медициналық және әлеуметтік күтім » құзііеттілігі бойынша колледжіміздің намысын қорғаған Қолқанатова Жанель Жандосқызы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 🥉 III орын иеленді.

Бұл жетістік — қажырлы еңбек пен кәсіби дайындықтың жемісі. Колледжіміз үшін үлкен мақтаныш!

2024-2025 оқу жылындағы колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметі