Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің Мейіргер ісі – 107 тобының білім алушылары «Ашық жүрек» еріктілер клубы туралы ақпаратпен бөлісіп,білім алушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа және қайырымдылық жасауға шақырады.
«Ашық жүрек» — жақсылықты жанына серік еткен, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді мақсат еткен еріктілер клубы.
🌿Кейде бір ауыз жылы сөздің өзі адамға күш береді, ал кішкентай ғана көмек біреудің өміріне үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін.
Жақсылық жасауға асығайық! Мейірімді болайық! Қайырымдылықтан қалыс қалмайық!
Танымдық кешке Қазақстанның еңбегі сіңген журналисі Идош Асқар, Шығанақ Берсеұлының ұрпақтары Мұқамбетқали, Серіккқали Ешмұхановтар, «Шығанақтану» ақылдасу алқасының төрағасы Нұрлан Есенғазы, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Нұрболат Құлшаров, сондай-ақ оқырман жастар қатысты. Шара барысында филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстанның құрметті журналисі, дипломат Серікқали Байменше және Ш. Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Дулат Исабаев жолдаған бейнежазба тамашаланды. Кеште тарихи тұлғаның атқарған істері, азаматтық болмысы жайында және ол туралы зерттеулер турасында кеңінен айтылып, кітапхана жастары Қызғалдақ Алпысбаева, Ақбаян Қойшығалиева және Ерсұлтан Шығанақ ақын Мұқағали Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасынан және неміс ақыны Бертольт Брехттің «Тары» поэмасынан үзінді оқыды. Сонымен бірге «Жерде жанған жұлдыз» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Бопай ханым жоғары медициналық колледжі мен Орта медицина қызметкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен колледж базасында «Туберкулезді диагностикалау, алдын алу және емдеу кезіндегі мейірбикенің рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты — мейірбикелердің кәсіби білімін жетілдіру, туберкулездің алдын алу,ерте диагностикалау және емдеу бағытындағы тәжірибелік дағдыларын нығайту.
Семинар спикерлері: • Ж.Н. Даулетов — Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігері; • Н.К. Ешкеева — Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығының медициналық зертхана меңгерушісі; • Б.Б. Керуенбаева — колледж оқытушысы, дәрігер-терапевт; • Ш.У. Жандосов — дәрігер-эпидемиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, оқытушы.
Семинар барысында қатысушылар маңызды ақпараттармен бөлісіп, кәсіби білімдерін толықтырды. Іс-шара соңында рефлексия жүргізіліп, QR-код арқылы сауалнама ұйымдастырылды. Бұл қатысушыларға өз білімдерін бағалап, алған ақпараттарын бекітуге мүмкіндік берді. Семинар психологиялық-мотивациялық тренингпен қорытындыланып, сертификат табысталып, қатысушыларға жағымды көңіл күй мен жаңа серпін сыйлады.
12 қазан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушыларымен Аңсар ақпараттық талдау орталығының маманы Мади Алтынбаевпен дін мәселері жөнінде кездесу өтті. Жүздесу барысында деструктивті діни ағымдар ықпалы туралы және зайырлылық пен толеранттылық жөнінде жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дін атын жамылған ағымдардың қоғамға жағымсыз әсері бойынша әңгіме қозғалды. Іс-шара соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, кеңінен ақпарат алды.
Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің Мейіргер ісі – 105 тобының студенттері «Ашық жүрек» еріктілер клубы туралы сөз сөйлеп, барша студенттерді қайырымдылықпен айналысуға және еріктілер қатарына қосылуға шақырды.
«Ашық жүрек» — мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсететін еріктілер клубы. 🤍 Әрбір жасаған жақсылығымыз бір адамның көңіліне үміт сыйлауы мүмкін. Жылы сөз айту, қолдау көрсету, көмек қолын созу — мұның бәрі қайырымдылықтың бір бөлігі🙌🏻. 🌿 Жақсылық жасаудан қашпаңыз! 🤝 Ерікті болыңыз! ❤️ «Ашық жүрек» клубына қосылыңыз! Бір жүрек — бір мейірім — мың жақсылық!
2026 жылғы 8 қазан күні жатақханада білім алушылармен «Заң және тәртіп» бағыты аясында кездесу өткізілді.
Кездесуге қатысқандар:
* ООБ ОЮП ПДН УИП полиция майоры — Сүндетбаева Айнұр Амантұрлықызы; * Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының өкілі — Үміт Мақсатқызы.
Кездесу барысында білім алушыларға жатақхананың ішкі тәртіп ережелері, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заңға деген құрметін нығайту.
Заңды білу — міндет, тәртіпті сақтау — жауапкершілік!
Ақтөбе қаласы Астана ауданы №1 полиция басқармасының Құқықтық қызмет бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Измаилов Линур Урустемович және №1 полиция басқармасының Құқықтық қызмет бөлімінің КТІЖИ, полиция капитаны Исқалиев Нұржан Кенжетайұлы колледж студенттерімен кездесу өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Құқықты білу – өзіңді қорғау. Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті.
Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Ашық жүрек» еріктілер ұйымының атынан ұйымдастырылған 🍫 «CHOCO DAY» қайырымдылық іс-шарасы
Бұл игі бастама жүректерге жылу, көңілдерге қуаныш сыйласын! Әрбір тәтті сыйлық мейірімділік пен қамқорлықтың белгісіне айналып, жақсылық жасаудан жалықпайтын жандардың қатары көбейе берсін.
«Ашық жүрек» еріктілер ұйымының қайырымдылық жолындағы еңбегіне толағай табыс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз! Жақсылықтарыңыз еселеніп, әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
Бүгін колледжімізде студенттермен «Заң және тәртіп» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кездесу барысында жастарға заңды сақтау, құқықтық сауаттылық, қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар айтылды.Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
2026 жылғы 4 қыркүйек күні Куатова Айгул Әкімқызының бастамасымен «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС-нің Әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен жас оқытушыларға арналған «Жас оқытушының құжаттар қоржыны: №130 бұйрық аясындағы нормативтік талаптар мен әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында семинар өткізілді.
🎯 Семинардың мақсаты – колледждің жас мамандарына оқу-әдістемелік құжаттарды жүргізу талаптарын түсіндіру, №130 бұйрыққа сәйкес бекітілген нысандарды сауатты толтыру дағдыларын қалыптастыру және педагогикалық қызметтің алғашқы жылында әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар барысында: 🔹 №130 бұйрықтың ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне қатысты талаптары; 🔹 оқытушының міндетті құжаттары; 🔹 күнделікті, оқу жылы бойы және жылына бір рет жүргізілетін құжаттар; 🔹 оқу сабағының жоспарын дұрыс құру; 🔹 теориялық оқытуды есепке алу журналы; 🔹 оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеу талаптары; 🔹 құжаттарды қағаз және электрондық форматта жүргізу ерекшеліктері; 🔹 жас оқытушылар жиі жіберетін қателер қарастырылды.
📌 Сонымен қатар семинар барысында оқу сабағының жоспарын толтыру үлгісі, оқу жұмыс бағдарламасының құры