Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің Мейіргер ісі – 107 тобының білім алушылары «Ашық жүрек» еріктілер клубы туралы ақпаратпен бөлісіп,білім алушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа және қайырымдылық жасауға шақырады.
«Ашық жүрек» — жақсылықты жанына серік еткен, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді мақсат еткен еріктілер клубы.
🌿Кейде бір ауыз жылы сөздің өзі адамға күш береді, ал кішкентай ғана көмек біреудің өміріне үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін.
Жақсылық жасауға асығайық!
Мейірімді болайық!
Қайырымдылықтан қалыс қалмайық!
Бір жүрек — бір мейірім — мың жақсылық!
