«БУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ!»

14 қазан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде 108-топ білім алушыларымен педагог-психолог Әбіләтип Лязиза Оразбайқызының ұйымдастыруымен «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға буллингтің алдын алу, оның түрлері мен зардаптарын түсіндіру, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Әр адам құрметке лайық! Бір-бірімізді қолдап, өзгелерге мейірімділік танытып, буллингке бірге тосқауыл қояйық!

Біз буллингке қарсымыз! Бірге қауіпсіз әрі сыйластыққа толы орта қалыптастырайық!