Category: Без рубрики

  • «Қазақстан халқына Жолдау: болашаққа бағдар, жастарға жаңа мүмкіндіктер»

    «Қазақстан халқына Жолдау: болашаққа бағдар, жастарға жаңа мүмкіндіктер»

    Бопай ханым жоғары медицина колледж кітапханасында колледж оқытушысы Н.І.Есенғазымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын студенттерге талқылау мақсатында танымдық іс-шара өткізілді.
    Іс-шара барысында Жолдаудың негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы пікір алмасып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жастардың болашағы үшін маңызы қарастырылды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, еліміздің дамуына үлес қосудағы жастардың рөлі жөнінде пікір білдірді.
    Кездесудің мақсаты – студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру, елдегі маңызды бастамаларға қызығушылығын қалыптастыру және қоғамдық мәселелерге белсенді көзқарасын дамыту.

    2026 жылғы Жолдаудың негізгі тезистері мен маңызды бағыттары:

    1. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы
    Келесі жыл жаңа ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жылы болып жарияланды.
    2029 жылдың соңына дейін ұлттық қордан құрылыс саласына 6,5 трлн теңге бөлінеді.
    Аймақтарда 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау, ана мен бала және оңалту орталықтарын салу
    2. Ауыл шаруашылығын қолдау
    Фермерлерді ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ететін жаңа қаржыландыру жүйесі енгізіледі.
    Тағам өнеркәсібі саласында құны 500 миллиард теңгеден асатын әлеуетті жобалар іске асырылады.
    3. Логистика және инфрақұрылым
    Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігін 20 миллион тоннаға арттыратын «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады.
    4. Қалаларды цифрлық басқару
    Қала ресурстарын тиімді бақылау үшін ірі шаһарлардың инфрақұрылымдық «цифрлық сыңарлары» (digital twins) әзірленеді.
    Әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімді даму жоспары болады.

  • «Кітап- табыс кілті» тренинг

    «Кітап- табыс кілті» тренинг

    Бопай ханым жоғары медицина колледж кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасында кітапханаішілік «Қазына» оқырмандар клубы мүшелерімен бірлесе отырып, «Кітап- табыс кілті» атты тренинг өтті.
    Мақсаты: Қатысушыларға кітап оқудың тұлғалық және кәсіби табысқа жетугедегі маңыздылығын түсіндіру, сыни ойлауды дамытужәне тиімді оқу дағдыларын қалыптастыру.

  • АИТВ-инфекциясының алдын алу – маңызды міндет!

    АИТВ-инфекциясының алдын алу – маңызды міндет!

    Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде білім алушылардың денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, АИТВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

    Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары, алдын алудың маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы маңызды ақпараттар берілді.

    Іс-шараны өткізген мамандар:
    🔹 Төлепбергенов Тимур Тайбекович;
    🔹 Нагиметова Жанерке;
    🔹 Амантаева Шаттық.

    Денсаулық – басты құндылығымыз! Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, алдын алу шаралары туралы ақпараттан хабардар болуы маңызды.

  • «Неге мен Бопай ханым жоғары медициналық колледжін таңдадым?» 

    «Неге мен Бопай ханым жоғары медициналық колледжін таңдадым?» 

    Әр студенттің таңдауы — болашаққа бастар алғашқы қадамы! ✨

    Кәсіби бағдар беру жұмысының 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес, 1-курс білім алушыларынан «Неге мен Бопай ханым жоғары медициналық колледжін таңдадым?» тақырыбында сұхбат алынды.

    🎤 Сұхбат барысында студенттер колледжді таңдау себептерімен, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарымен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

    🩺 Медицина — адам өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтауға бағытталған жауапты да абыройлы мамандық. Ал осы жолды таңдаған әрбір білім алушының арманы — білікті маман болып қалыптасу!

    💙 «Бопай ханым» жоғары медициналық колледжі — сапалы білім мен жарқын болашаққа бастар жол!

  •  Республика күні құтты болсын!

     Республика күні құтты болсын!

    «Ашық жүрек» еріктілер тобы баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

    Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық рухымызды көтеріп, бірлігімізді бекемдейтін ерекше мереке.

    Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болғай! Әр шаңыраққа шаттық, береке мен бақ-дәулет тілейміз!

    Еліміз өркендеп, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 🇰🇿❤️

  • 21 қазан күні сағат 11:00-де «Өнегелі өмір» атты кездесу өтті.

    21 қазан күні сағат 11:00-де «Өнегелі өмір» атты кездесу өтті.

    Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Қоңырбайқызының қолдауымен «Абзал жандар» отаншыл жастар клубының ұйымдастыруымен 21 қазан күні сағат 11:00-де «Өнегелі өмір» атты кездесу өтті.

    Кездесуге тәжірибелі ардагер-дәрігер Баян Сатыпалдықызы мен ардагер-ұстаз, медиатор Бибігүл Әбдішүкірқызы қатысты. Білім алушылар үшін бұл кездесу үлкен мотивация мен құнды тәжірибе алаңына айналды.

    Кездесу барысында колледж директоры Жоламанова Шамшырак Садуакасовна ардагер қонақтарға алғысын білдіріп, оларды Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

  • «Республика күні – елдігімнің белгісі!» 🇰🇿

    «Республика күні – елдігімнің белгісі!» 🇰🇿

    25 қазан – Республика күніне орай білім алушылар арасында «Республика күні – елдігімнің белгісі!» тақырыбында танымдық QUIZ зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. 🧠✨

    🇰🇿 Республика күні құтты болсын! Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

  • Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Сырғалым» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Қыз денсаулығы – болашақ кепілі» кездесуі өтті.

    Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Сырғалым» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Қыз денсаулығы – болашақ кепілі» кездесуі өтті.

    2026 жылғы 22 қазанда студенттерге қыз баланың денсаулығы, репродуктивті сауаттылық және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау тақырыптарында танымдық кездесу ұйымдастырылды.

    ✨ Кездесудің арнайы қонағы — акушер-гинеколог Құлгазиева Роза Қайыровна.

    Кездесу барысында қыз баланың денсаулығын сақтау, жеке гигиена, уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы және денсаулыққа қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан пайдалы кеңестер алды.

    Іс-шараның басты мақсаты — қыз балалардың медициналық сауаттылығын арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру және өз-өзін бағалауға үйрету.

    Құнды ақпаратымен бөлісіп, кездесуге қатысқаны үшін Құлгазиева Роза Қайыровнаға шынайы алғысымызды білдіреміз!

    Өзіңді тыңда. Өзіңді бағала. Денсаулығыңды сақта!

  • Ақтөбе облысының студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымын қорытындылау кеші өтті.

    Ақтөбе облысының студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымын қорытындылау кеші өтті.

    «Жасыл ел» еңбек жасағының XXII жұмыс маусымының қорытындылауына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы, Ақтөбе облысының құрметті азаматтары, «Жасыл ел» жанашырлары және «Жасыл ел» штабының өкілдері, еңбек жасағының сарбаздары, жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.

    Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Алмасбекұлы маусымды қорытындылап, жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.

    Салтанатты шарада жобаға атсалысқан 100 сарбаз Алғыс хаттармен марапатталып, Астана қаласына үш күндік саяхатқа жолдама берілді.
    Аталған шараға Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары да қатысты.

  • «БУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ!»

    «БУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ!»

    14 қазан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде 108-топ білім алушыларымен педагог-психолог Әбіләтип Лязиза Оразбайқызының ұйымдастыруымен «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға буллингтің алдын алу, оның түрлері мен зардаптарын түсіндіру, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

    Әр адам құрметке лайық! Бір-бірімізді қолдап, өзгелерге мейірімділік танытып, буллингке бірге тосқауыл қояйық!

    Біз буллингке қарсымыз! Бірге қауіпсіз әрі сыйластыққа толы орта қалыптастырайық!