Танымдық кешке Қазақстанның еңбегі сіңген журналисі Идош Асқар, Шығанақ Берсеұлының ұрпақтары Мұқамбетқали, Серіккқали Ешмұхановтар, «Шығанақтану» ақылдасу алқасының төрағасы Нұрлан Есенғазы, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Нұрболат Құлшаров, сондай-ақ оқырман жастар қатысты.
Шара барысында филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстанның құрметті журналисі, дипломат Серікқали Байменше және Ш. Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Дулат Исабаев жолдаған бейнежазба тамашаланды.
Кеште тарихи тұлғаның атқарған істері, азаматтық болмысы жайында және ол туралы зерттеулер турасында кеңінен айтылып, кітапхана жастары Қызғалдақ Алпысбаева, Ақбаян Қойшығалиева және Ерсұлтан Шығанақ ақын Мұқағали Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасынан және неміс ақыны Бертольт Брехттің «Тары» поэмасынан үзінді оқыды. Сонымен бірге «Жерде жанған жұлдыз» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
