«Емдеу ісі» мамандығының 3-4 курс бөлім меңгерушісі

Кульсеитова Гулдана Наримановна

Санаты: Педагог: «Арнайы» пәндерінің оқытушысы.

  • Білімі:

    2017-2022 жж.

    Жоғары, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, мамандығы – 5В130100 – «Жалпы медицина» бакалаврі

     

     

     

    2022-2024 жж.    

    Жоғары, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, мамандығы – 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жалпы тәжірбиелік дәрігер

    2025 жж

    Жоғары , Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, мамандығы – “Анестезиология және реаниматология” , резидент- дәрігер.

     

    Жетістіктері:

    2022 жылы Ақтөбе облысының әкімі О.Уразалин қолынан “Үздік студент” ретінде атаулы стипендия , Марат Оспанов атындағы  Батыс Қазақстан медицина университетінің  ректорлары  Е.Бекмухамбетов,  А. Калиев алғыс хаттарын алған.

    2020 жылы Қостанай қаласында  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұйымдастырған республикалық пікірсайыс  турнирінің жеңімпазы. Облыстық, Республикалық деңгейдегі пікірсайыс турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

    2025 жылы Марат Оспанов атындағы  Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ж.а Т.Абилов қолынан “Үздік түлек” алғыс хаты.

    2025 жылы “Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасыны” ММ басшысы Е.Б.Султангереев алғыс хаты

Емдеу ісі – бұл базалық медициналық білім, содан кейін барып арнайы мамандандықты игеруге болады: хирург, терапевт, кардиолог, педиатр және т.б. Әр курста студенттер ауруханаларда, емханаларда және жедел жәрдем станцияларында міндетті практикадан өтеді.
Бұл саланың қызметкерлері мықты денсаулыққа, жақсы дене дайындығына, батылдық пен жігерлікке ие. Студенттерге адамдарды емдеу мен түрлі ауруларды дұрыс диагностикалауды ғана емес, сонымен қатар халық арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды жүргізуді үйретеді.

«Емдеу ісі» мамандығының түлегі өз бетінше пациенттермен жұмыс жүргізуге, оларға ем тағайындау мен ем жүргізуге құқығы жоқ. Ол пациенттермен өз жұмысын тәжірибелі мамандардың бақылауымен ғана орындай алады. Сонымен бірге ол ғылыми қызметпен айналыса алады, медициналық мекемелерде түрлі лауазымдарда қызмет ете алады.
«Емдеу ісі» мамандығы мына бағыттар бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
–Фельдшер.
Дәрігер болып жұмыс істеу үшін «Емдеу ісі» мамандығының түлегі колледжді аяқтағаннан кейін ЖОО-да жоғары кәсіптік білім алуы қажет.

«Емдеу ісі» 3-4 курс бөлімі жыл басында жалпы саны 374 білім алушылардан тұратын  17 топ, оның ішінде 1 бюджеттік топтан құралған.

3 курс топтары 9 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 6 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде;

3 курс топтары 11 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 6 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде;

4 курс топтары 9 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 2 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде.

КурсТопСтудент саныКуратор
1
09120100 «Емдеу ісі»ЕІ-315(11)26Сарбасова Д.Е
2
ЕІ-316(9)23Тоқбура Н.Қ
3ЕІ-317(11)23Евения С.С
4ЕІ-318(9)24Онталапова Т.Н
5ЕІ-319(9)25Артықбай Б.С
6ЕІ-320(9)25Қалман С.Ғ
7ЛД-321(9)21Орынбайқызы Н
809120100 «Емдеу ісі»ЕІ-322(11)24Мұратбаев А.Ж
9ЕІ – 323(11)23Сауханова Ж.Ж
10ЕІ-324(11)20Қалман С.Ғ
11ЕМІ-325(11)22Елеусізова Э.Н
12ЕІ-326(11)19Рахмедова А.К
13ЕІ-327(11)23Уайысбай А
14ЛД-328(11)13Жолдыбаева И.М
1509120100 «Емдеу ісі»ЕІ-401(9)24Өсербек А.М
16ЕІ-402(9)22Баймен Н.Б
17ЛД-403(9)8Мынжасарова А.А