«Жас фармацевт» ғылыми үйірме жетекшісі: Аманғос Нұржауған Аманғосқызы
Мақсаты:
Халыққа дәрілік көмек көрсету кезінде қоғамның, фармацевтикалық нарықтың және жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыруға, фармацияда, ғылым мен практикады озық инновациялық техноологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, мемлекет пен әлемдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі жағдайларына бейімделуге дайын халықтың денсаулығын нығайтуға, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Міндеттері:
- Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыруды, дәрілік заттарды зерттеудің жалпы әдістері мен талдауын үйрету;
- Анықтамалық және ғылыми фармацевтикалық әдебиеттерді, электрондық базаларын қолдануды және компьютерлік оқыту бағдарламаларын кәсіптік қызмет аумағында пайдалануды үйрету;
- Коммуникативтік қабілеттерді қалыптастыру;
- Тұтынушылармен қарым-қатынаста психологиялық аспектілерді қолдануды үйрету;
- Көпшіліктің алдында сөйлеу/қорғауды үйрету;
- Студенттердің дәріханалық ұйымдардың ұйымдастырушылық-басқармалық, қаржылық-экономикалық іс-әрекеттері боойынша теориялық білімдер және тәжірибелік дағдыларды үйрету.