Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде білім алушылардың денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, АИТВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары, алдын алудың маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы маңызды ақпараттар берілді.
Іс-шараны өткізген мамандар:
🔹 Төлепбергенов Тимур Тайбекович;
🔹 Нагиметова Жанерке;
🔹 Амантаева Шаттық.
Денсаулық – басты құндылығымыз! Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, алдын алу шаралары туралы ақпараттан хабардар болуы маңызды.
