«Жасыл ел» еңбек жасағының XXII жұмыс маусымының қорытындылауына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы, Ақтөбе облысының құрметті азаматтары, «Жасыл ел» жанашырлары және «Жасыл ел» штабының өкілдері, еңбек жасағының сарбаздары, жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Алмасбекұлы маусымды қорытындылап, жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Салтанатты шарада жобаға атсалысқан 100 сарбаз Алғыс хаттармен марапатталып, Астана қаласына үш күндік саяхатқа жолдама берілді.
Аталған шараға Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары да қатысты.
