2026 жылғы 22 қазанда студенттерге қыз баланың денсаулығы, репродуктивті сауаттылық және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау тақырыптарында танымдық кездесу ұйымдастырылды.
✨ Кездесудің арнайы қонағы — акушер-гинеколог Құлгазиева Роза Қайыровна.
Кездесу барысында қыз баланың денсаулығын сақтау, жеке гигиена, уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы және денсаулыққа қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан пайдалы кеңестер алды.
Іс-шараның басты мақсаты — қыз балалардың медициналық сауаттылығын арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру және өз-өзін бағалауға үйрету.
Құнды ақпаратымен бөлісіп, кездесуге қатысқаны үшін Құлгазиева Роза Қайыровнаға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Өзіңді тыңда. Өзіңді бағала. Денсаулығыңды сақта!
