Республика күні құтты болсын!

«Ашық жүрек» еріктілер тобы баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық рухымызды көтеріп, бірлігімізді бекемдейтін ерекше мереке.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болғай! Әр шаңыраққа шаттық, береке мен бақ-дәулет тілейміз!

Еліміз өркендеп, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 🇰🇿❤️