21 қазан күні сағат 11:00-де «Өнегелі өмір» атты кездесу өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Қоңырбайқызының қолдауымен «Абзал жандар» отаншыл жастар клубының ұйымдастыруымен 21 қазан күні сағат 11:00-де «Өнегелі өмір» атты кездесу өтті.

Кездесуге тәжірибелі ардагер-дәрігер Баян Сатыпалдықызы мен ардагер-ұстаз, медиатор Бибігүл Әбдішүкірқызы қатысты. Білім алушылар үшін бұл кездесу үлкен мотивация мен құнды тәжірибе алаңына айналды.

Кездесу барысында колледж директоры Жоламанова Шамшырак Садуакасовна ардагер қонақтарға алғысын білдіріп, оларды Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.