Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Абзал жандар» отаншыл жастар клубының ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» атты ардагер-ұстаздар мен студенттердің кездесуі өтті.

Шараны колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы, оқытушы, «Абзал жандар» отаншыл клубының жетекшісі Нұрлан Ізденұлы жүргізді.

Кездесу барысында ардагер ұстаздар жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тағылымды әңгімелер айтты. Шара соңында құрметті қонақтар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.