Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

Ауқымды шараға Астана ауданының әкімі Баянбек Талғатұлы, ҚР Ұлттық құрылтай мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Тәттігүл Жақсыбайқызы, мәслихат депутаттары, облыстық білім басқармасының өкілдері мен еріктілер қатысты.

Мерекелік шара “ALT” гуманитарлық-техникалық колледжінің бүлдіршіндерге арнап салған жаңа балалар ойын алаңының ашылу рәсімімен басталды. Балалардың шат күлкісіне толы мерекеде түрлі топтық жарыстар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама жалғасын тапты.