Ақтөбе қаласы Астана ауданы №1 полиция басқармасының Құқықтық қызмет бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Измаилов Линур Урустемович және №1 полиция басқармасының Құқықтық қызмет бөлімінің КТІЖИ, полиция капитаны Исқалиев Нұржан Кенжетайұлы колледж студенттерімен кездесу өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Құқықты білу – өзіңді қорғау.
Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті.
Тәртіпті сақтайық, заңды құрметтейік!
