2026 жылғы 8 қазан күні жатақханада білім алушылармен «Заң және тәртіп» бағыты аясында кездесу өткізілді.
Кездесуге қатысқандар:
* ООБ ОЮП ПДН УИП полиция майоры — Сүндетбаева Айнұр Амантұрлықызы;
* Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының өкілі — Үміт Мақсатқызы.
Кездесу барысында білім алушыларға жатақхананың ішкі тәртіп ережелері, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заңға деген құрметін нығайту.
Заңды білу — міндет, тәртіпті сақтау — жауапкершілік!
#ЗаңЖәнеТәртіп#ҚұқықтықСауаттылық#Жастар#ТәртіпПенЖауапкершілік
