Жақсылық жасау — жүректен!

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің Мейіргер ісі – 105 тобының студенттері «Ашық жүрек» еріктілер клубы туралы сөз сөйлеп, барша студенттерді қайырымдылықпен айналысуға және еріктілер қатарына қосылуға шақырды.

«Ашық жүрек» — мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсететін еріктілер клубы. 🤍
Әрбір жасаған жақсылығымыз бір адамның көңіліне үміт сыйлауы мүмкін. Жылы сөз айту, қолдау көрсету, көмек қолын созу — мұның бәрі қайырымдылықтың бір бөлігі🙌🏻.
🌿 Жақсылық жасаудан қашпаңыз!
🤝 Ерікті болыңыз!
❤️ «Ашық жүрек» клубына қосылыңыз!
Бір жүрек — бір мейірім — мың жақсылық!