12 қазан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушыларымен Аңсар ақпараттық талдау орталығының маманы Мади Алтынбаевпен дін мәселері жөнінде кездесу өтті. Жүздесу барысында деструктивті діни ағымдар ықпалы туралы және зайырлылық пен толеранттылық жөнінде жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дін атын жамылған ағымдардың қоғамға жағымсыз әсері бойынша әңгіме қозғалды. Іс-шара соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, кеңінен ақпарат алды.
