Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Бопай ханым жоғары медициналық колледжі мен Орта медицина қызметкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен колледж базасында «Туберкулезді диагностикалау, алдын алу және емдеу кезіндегі мейірбикенің рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты — мейірбикелердің кәсіби білімін жетілдіру, туберкулездің алдын алу,ерте диагностикалау және емдеу бағытындағы тәжірибелік дағдыларын нығайту.
Семинар спикерлері:
• Ж.Н. Даулетов — Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігері;
• Н.К. Ешкеева — Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығының медициналық зертхана меңгерушісі;
• Б.Б. Керуенбаева — колледж оқытушысы, дәрігер-терапевт;
• Ш.У. Жандосов — дәрігер-эпидемиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, оқытушы.
Семинар барысында қатысушылар маңызды ақпараттармен бөлісіп, кәсіби білімдерін толықтырды. Іс-шара соңында рефлексия жүргізіліп, QR-код арқылы сауалнама ұйымдастырылды. Бұл қатысушыларға өз білімдерін бағалап, алған ақпараттарын бекітуге мүмкіндік берді. Семинар психологиялық-мотивациялық тренингпен қорытындыланып, сертификат табысталып, қатысушыларға жағымды көңіл күй мен жаңа серпін сыйлады.
