Бопай ханым жоғары медициналық колледжі өкілдері мектебімізге келіп, 9–10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға медициналық мамандықтардың ерекшеліктері, оқу шарттары, колледждегі мүмкіндіктер мен талапкерлерге қойылатын талаптар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қабылдау ережелері мен құжат тапсыру мерзімдері түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға байланысты пайдалы мәліметтер алды.