Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы

Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.

  • All
  • Кітапхана
«Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» атты кітапханалық квилт өткізілді.

22 декабря, 2023

“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Бопай ханым жоғары медициналық колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абайдың «Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге» , «Кітап туралы мақал-мәтелдер», «Кітап өз оқырманын өзі табады» атты тақырыбына арналған «Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» атты кітапханалық квилт өткізілді.

«Менің үйдегі кітапханам» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылды.

22 декабря, 2023

2023 жылдың 11желтоқсанында Бопайханым жоғары медициналық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің үйдегі кітапханам» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылды. Мақсаты отбасының рухани өмірінің маңызды факторы ретінде кітапты және оқуды насихаттау. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі…

«Бір колледж- бір кітап» акциясы өтті

10 ноября, 2023

Баишев атындағы жоғары медициналық колледж кітапханасында №3 қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, қарашада айында «Бір колледж- бір кітап» акциясы өтті.Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде. Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он жетінші мәрте ұйымдастырылуда. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін…