Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы

Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.

 

Оқуға құштар адам – табысты адам.

Білім алушыларды кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, білім алушылардың  кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу  мақсатында  Бопай ханым жоғары медициналық колледжі кітапханасының «Ковиркинг» орталығында «Оқуға құштар адам – табысты адам» кітапханалық  квилт  ұйымдастырылды. Бұл шараға «Мейіргер ісі» 102 топ білім алушылары – кураторы Шахабаева Ж.Б. белсене қатысты.Кітапханалық квилт – майда құрақ бөлшектерден тұратын ақпараттық стенд. Стендте тақырыпқа сәйкес ақпараттар ұсынылып, оқырмандар  мәліметтермен танысып және   оқыған шығармалары туралы өз пікірлерін түрлі-түсті стикерлерге жазып бөлісті.   

 
 

Чтобы привить студентам любовь к книгам, объяснить важную роль книг в жизни человека, повысить интерес студентов к книгам, понять, что знания передаются через книги, развивать творческие способности, мышление и нравственность, в центре «Коворкинг» библиотеки Высшего медицинского колледжа госпожи Бопай был организован библиотечный квилт. Студенты 102-й группы «Meirger isi» — куратор Ж.Б. Шахабаева приняла участие в этом мероприятии. Библиотечное одеяло – это информационный стенд, состоящий из небольших частей. На стенде была представлена ​​информация по теме, читатели знакомились с информацией и делились мнением о прочитанных произведениях на красочных стикерах.

 

 

Оқуға құштар адам – табысты адам.

2025 жылдың  сәуір айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында  «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапты бірге оқимыз» тақырыбында кітапханалық библио-кросс өтті. Кросс мақсаты: жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ететін қазақ жазушылардың шығармаларын дәріптеу. Іс-шарада жас оқырман оқыған кітаптарын баяндап, бір-біріне ұсынып, алған әсерлерін ортаға салды. Библио-кроссқа 101 «Мейіргер ісі» тобының білім алушылары  кураторы Агатаева Т.Б. белсене  қатысты.

 
 

В апреле 2025 года в библиотеке Высшего медицинского колледжа имени госпожи Бопай в рамках проекта «Колледж стремящийся учиться» прошел библиотечный библиокросс на тему «Прочитаем книгу вместе». Цель Креста: прославить произведения казахских писателей, способствующие формированию патриотизма и любви к Родине у подрастающего поколения. На мероприятии юные читатели рассказывали прочитанные книги, дарили их друг другу и делились впечатлениями. Агатаева Т.Б., куратор учащихся группы «Мейргер иси» 101, к библиокроссу. активно участвует.

 

  • All
  • Кітапхана
Колледж кітапханасында «Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби- ойыны өткізілді.

15 марта, 2024

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Оқуға құштар колледж жобасы аясында Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапхана қызметкерлерімен және №120 «Емдеу ісі» тобының білім алушылары Ақылбекұлы С.,Бисембайқызы Ж.,Аппаз Б.,Жолдыбаева А., Шегебаев Ә., Шыңбергенова Д.,Шегербаев А.,Өткелбай А.,Ерсайнова М біріге ұйымдастырылған «Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби- ойыны өткізілді. Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптей отырып ,...

“Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз” атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

15 марта, 2024

Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасы “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз” атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылып, колледж студенттері көрмемен таныстырылды.Көрменің негізгі мақсаты қазақ классиктерінің көркем әдебиеттерін насихаттау , оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын, интуицияны, болжамды, эрудицияны, әдеби шығармаларды оқуға деген ұмтылысты дамыту. Кітапқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Колледж кітапханасында «Еркін микрофон» кітапхана пәтері өтті.

15 марта, 2024

Бопай ханым жоғары медицина колледж «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Еркін микрофон» кітапхана пәтері өтті. Мақсаты: кез келген оқырманның өзі оқыған кітабы жайында ойын еркін, толыққанды әңгімелеуіне, басқалармен бөлісуіне мүмкіндік жасау. Қазақ және шетел авторларының кейбір көркем әдебиеттеріне қысқаша шолу жасау, танымал кітаптарын оқуға ұсыну. Шараға қатысқан №402 «Мейіргер ісі», №223 «Емдеу ісі» және № 203 «Мейіргер ісі» топтарының білім алушыларына «Жалпы білім беру әлеуметтік-экономикалық пәндер»...