Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы
Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.




Оқуға құштар адам – табысты адам.
Білім алушыларды кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Бопай ханым жоғары медициналық колледжі кітапханасының «Ковиркинг» орталығында «Оқуға құштар адам – табысты адам» кітапханалық квилт ұйымдастырылды. Бұл шараға «Мейіргер ісі» 102 топ білім алушылары – кураторы Шахабаева Ж.Б. белсене қатысты.Кітапханалық квилт – майда құрақ бөлшектерден тұратын ақпараттық стенд. Стендте тақырыпқа сәйкес ақпараттар ұсынылып, оқырмандар мәліметтермен танысып және оқыған шығармалары туралы өз пікірлерін түрлі-түсті стикерлерге жазып бөлісті.
Чтобы привить студентам любовь к книгам, объяснить важную роль книг в жизни человека, повысить интерес студентов к книгам, понять, что знания передаются через книги, развивать творческие способности, мышление и нравственность, в центре «Коворкинг» библиотеки Высшего медицинского колледжа госпожи Бопай был организован библиотечный квилт. Студенты 102-й группы «Meirger isi» — куратор Ж.Б. Шахабаева приняла участие в этом мероприятии. Библиотечное одеяло – это информационный стенд, состоящий из небольших частей. На стенде была представлена информация по теме, читатели знакомились с информацией и делились мнением о прочитанных произведениях на красочных стикерах.
Оқуға құштар адам – табысты адам.
2025 жылдың сәуір айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапты бірге оқимыз» тақырыбында кітапханалық библио-кросс өтті. Кросс мақсаты: жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ететін қазақ жазушылардың шығармаларын дәріптеу. Іс-шарада жас оқырман оқыған кітаптарын баяндап, бір-біріне ұсынып, алған әсерлерін ортаға салды. Библио-кроссқа 101 «Мейіргер ісі» тобының білім алушылары кураторы Агатаева Т.Б. белсене қатысты.
В апреле 2025 года в библиотеке Высшего медицинского колледжа имени госпожи Бопай в рамках проекта «Колледж стремящийся учиться» прошел библиотечный библиокросс на тему «Прочитаем книгу вместе». Цель Креста: прославить произведения казахских писателей, способствующие формированию патриотизма и любви к Родине у подрастающего поколения. На мероприятии юные читатели рассказывали прочитанные книги, дарили их друг другу и делились впечатлениями. Агатаева Т.Б., куратор учащихся группы «Мейргер иси» 101, к библиокроссу. активно участвует.
- All
- Кітапхана

2024 жылдың мамыр айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқуға құштар адам – табысты адам» кітапхана квилті ұйымдастырылды. Квилттің мақсаты: Білім алушыларды кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Кітапханалық квилт – майда құрақ бөлшектерден тұратын ақпараттық стенд. Стендте тақырыпқа сәйкес ақпараттар ұсынылып,...

2024 жылдың мамыр айында Бопай ханым жоғары медицина колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Бізді кітап таныстырды» фотоконкурсы өтті. Фотконкурсқа 223 топ «Емдеу ісі» білім алушылары Ниязмагамбетов Н,Орынгалиев А және 123 топ «Мейіргер ісі» Князбаева А.,Ерболатқызы Н., Шаймардан А.,Ақансеріқызы Ж. қатысты. Фотоконкурс мақсаты: кітапқа деген сүйіспеншілікке, оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу, оқитын жастардың жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал ету. Конкурстың басты идеясы: Кітапхана қорынан сүйікті кітабыңызды тауып,...

2024 жылдың 23 сәуірі күні Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» тақырыбында әдеби сот іс шарасы өтті. Өткізілген іс-шарада Мұхтар Шахановтың «Шың басындағы оқиға» шығармасына талдау жасалып әдеби сот жүргізілді. Шығарманың негізгі идеялық мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтылып,әдеби сотта талқыланды. Шараға 115 «Емдеу ісі»тобының білім алушылары сот талқылауында өнерлерін көрсетіп, ерекше белсенділік...