Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы

Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.

  • All
  • Кітапхана
«Дәрігер бейнесі — көркем әдебиетте» атты кітапханалық квилт ұйымдастырылды.

9 ноября, 2023

2023 жылдың 9 қарашасында Баишев атындағы жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Өз кәсібің туралы көркем әдебиет» тақырыбына, «Дәрігер бейнесі — көркем әдебиетте» атты кітапханалық квилт ұйымдастырылды. Жаңаша тәсілмен өткен іс-шара білім алушылардың қызығушылығын оятты.Олар өздері оқыған кітаптары туралы кеңестерімен бөлісті. Бұл шараның міндеті білім алушылар оқыған шығармалары мен туындылары туралы ұсыныстарын айтқызу болып табылады.Шараның мақсаты дәрігердің адамгершілік бейнесін ашып, таңдаған кәсібіне деген құрметін күшейту…

«Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында эссе конкурсы өткізілді

8 ноября, 2023

2023 жылдың 8 қарашасында Баишев атындағы жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында эссе конкурсы өткізілді. Конкурсқа № 227 «Мейіргер ісі» және № 231 «Фармация» топтарының білім алушылары қатысты. Конкурстың мақсаты: зияткерлік, шығармашылық, тұлғалық даму негізі ретінде оқуға қолдау көрсету; кітаптың және оқудың мәртебесін арттыру. Білім алушыларды тек жүйелі оқуға ғана емес, сондай-ақ оқылған кітаптарды талдауға және өз пікірін сауатты білдіруге…

Ескі жазбаларЖаңа жазбалар