Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы

Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.

  • All
  • Кітапхана
Колледж кітапханасында «Еркін микрофон» кітапхана пәтері өтті.

15 марта, 2024

Бопай ханым жоғары медицина колледж «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Еркін микрофон» кітапхана пәтері өтті. Мақсаты: кез келген оқырманның өзі оқыған кітабы жайында ойын еркін, толыққанды әңгімелеуіне, басқалармен бөлісуіне мүмкіндік жасау. Қазақ және шетел авторларының кейбір көркем әдебиеттеріне қысқаша шолу жасау, танымал кітаптарын оқуға ұсыну. Шараға қатысқан №402 «Мейіргер ісі», №223 «Емдеу ісі» және № 203 «Мейіргер ісі» топтарының білім алушыларына «Жалпы білім беру әлеуметтік-экономикалық пәндер»…

«Кітаптан жұлдыз жауған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

21 февраля, 2024

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2024 жылдың 21 ақпанында Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Кітаптан жұлдыз жауған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің негізгі мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көрмеге Алаштың ақындары мен жазушыларының, мерейтой жазушыларының кітаптары қойылды, олардың барлығы оқырмандарға таныс және оларды жақсы көреді.

«Емдеу ісі» топтарының білім алушылары арасында «Оқуға құштар колледж» тақырыбында кітап челленджі өткізілді.

16 февраля, 2024

2024 жылғы 16 ақпан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен студенттері арасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында колледж кітапханасының ұйымдастыруымен №105 «Емдеу ісі», №120 «Мейіргер ісі», № 204 «Емдеу ісі» топтарының білім алушылары арасында «Оқуға құштар колледж» тақырыбында кітап челленджі өткізілді. Челлендждің мақсаты: жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, жалпы колледжде кітап оқу дағдысын жандандыру. Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар…