Г-жа Бопай организовала учебный отдел высшего медицинского колледжа и провела конкурс «профессиональное мастерство – 2025» среди студентов 1 курса.

Сайыстың басты мақсаты — білім алушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, теориялық білімін тәжірибеде қолдану, болашақ медицина маманына тән жауапкершілік, ұқыптылық және кәсіби мәдениетті қалыптастыру.

Шара барысында студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін медицина саласымен ұштастыра отырып, кәсіби білімдері мен өнерлерін көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Аталған шара студенттердің өз мүмкіндіктерін сынап, тәжірибе жинақтауына, сондай-ақ болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.