Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы

Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.

  • All
  • Кітапхана
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Қалам сынағы» тақырыбында поэтикалық центон өткізілді.

14 февраля, 2024

2024 жылғы 14 ақпан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Қалам сынағы» тақырыбында поэтикалық центон өткізілді. Центон — әдеби ойынның бір түрі, оқырманға белгілі бір немесе бірнеше ақындардың өлеңдерінен жаңа өлең құрастыру болып табылады. Жасөспірімдердің шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында өткен ойынға № 120 «Емдеу ісі» тобының студенттері қатысты. Студенттер поэтикалық центонның негізгі ережелерімен танысып, М.Мақатаев, Т.Айбергенов,…

Кітапханашылар «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын жариялады.

14 февраля, 2024

Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.» Мұндай мереке 2012 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты- кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру. ​Халықаралық кітап сыйға тарту күніне орай Бопай ханым жоғары медициналық колледжі «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын жариялады.Колледж директоры Нурмаганбетова М.С. кітапханамызға өзінің отбасылық кітап қорынан бірнеше кітапты сыйға тарту етті және Қалалық №3 кітапхана ұжымы біздің кітапхана қорына Жүсіпбек…

«Менің үйімдегі кітап» конкурсы ұйымдастырылды.

16 января, 2024

Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің үйімдегі кітап» конкурсы ұйымдастырылды. Мақсаты: Кітаптың қысқаша түсінігін айта отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру. Жас ұрпақты кітап оқуға баулу. Кітабы көп үй өзгеше сәнімен көз қызықтыратыны белгілі. Оқырмандар өздерінің үй кітапханасындағы кітаптарымен виртуалды түрде бөлісті. 1950 жылдарда Ақтөбе педагогика училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығын тамамдаған қазіргі таңда 90-ның үстіне шығып немере,шөбере сүйіп бақытты әже атанып отырған Бахатова…